«Жігіттерге сене бермеймін»: Әнші Балжан Бидаш жеке өмірі туралы айтты
Танымал әнші Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты кейбір ақпараттармен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желі оқырмандарының бірі жазған «Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым» деген пікіріне жауап берді.
«Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар. Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған адамдарға бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын», - деп жазды әнші.