Әртүрлі

Жетісу облысында коммуналдық қызмет тарифі 10 есеге арзандады

Табиғатты қорғау прокуратурасының араласуымен Жетісу облысының Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласында коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді.

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады. Қызмет көрсететін компаниялар тарифты өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін өсірген.  Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді, - деді Жетісу облысының прокуратурасы.

Осылайша 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалды.

-->