Жетісу облысында арнайы операция барысында есірткі сатушы ұсталды
Жетісу облысында арнайы операция барысында есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ әскерилерімен бірлесіп Жаркент қаласында есірткі заңсыз жеткізу арналарын анықтау мақсатында арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары екі жергілікті тұрғынды ұстады, олардың бірі есірткі саудасымен айналысты, екіншісі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деп негізді түрде күдікке ілінді.
-->

Бұл 18-19 жастағы екі жас жігіт. Күдіктілердің бірі марихуана сату кезінде қолға түсті. Екіншісінен 1 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді. Қазір екеуі де УҰИ-ға қамалды, - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.