Әртүрлі

Жетісу облысында қар құрсауында қалған төрт адам құтқарылды

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері төрт адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алакөл ауданында республикалық маңызы бар Қабанбай-Үшбұлақ автожолында автокөлік қарға кептеліп қалған.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі төрт адамды қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді», - делінген министрліктің хабарламасында.