Жетісу облысында 100 миллион теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Жетісу облысының Алакөл ауданында жер ресурстары тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жергілікті әкімдік өкілеттігіне қарамастан, уақытша жер пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен жерді қайтару бойынша шара қолданбаған. Прокурорлар жалпы көлемі 1 655 гектарды құрайтын осындай 14 жер телімін анықтады. Жалпы, кадастрлық құны 100 миллион теңгені құрайтын барлық телім қадағалау актісімен мемлекеттің жер қорына қайтарылды», - делінген хабарламада.