Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 50-ге жуық фактісі анықталды
Түркістан облысында полицейлер жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 53 фактісін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Полиция Департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, айыптұраққа 20-дан астам автокөлік пен экскаватор-тиегіш қойылды.
-->Полиция Департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, айыптұраққа 20-дан астам автокөлік пен экскаватор-тиегіш қойылды.
Мысалы полицейлер Сауран ауданында қиыршық тас пен құм тасымалдауға құжаттары жоқ жүргізушілердің шамамен 10 жүк көлігін анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Ал автокөліктер айыптұраққа қойылды.Аталмыш құқық бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданды, - деп жазылған хабарламада.