Желіде әскери қызметшілердің ат үстіндегі әсерлі видеосы тарады
Әлеуметтік желілерде ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі капитан Ұлан Борамбаевтың қатысуымен түсірілген бейнеролик танымал болып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кадрда Ұлттық ұлан жалауын берік ұстаған жауынгер астына мінген тұлпарымен ашық аспан астында еркіндік пен абыройды бейнелейді. Бұл әдемі көрініс көпшілік жақсы қабылдады.
Instagram және TikTok қолданушылары бұл бейнероликті патриотизмнің және әскери дәстүрлерге адалдықтың бейнесі ретінде қабылдады. Көптеген адамдар бұл бейнеролик астында ел мен оның қорғаушыларын мақтан тұтатынын атап өтті.
«Мен Ұлттық ұланның жалауын ұстаған кезде халқымыздың рухы мен тарихының ұлылығын сезінемін. Мен бұған дейін әлеуметтік желілерде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен бейнероликтерді тамашаладым. Мұндай трендтік бейнероликтер әскери құрылымдар қатарындағы Ұлттық ұланның имиджін көтеретінін айқындады. Сондықтан мен осы ортақ іске өз үлесімді қосқым келді. Бейнероликтің көпшілікке ұнағанына қуаныштымын», - деп бөлісті бейнероликтің басты кейіпкері.
Капитан Ұлан Борамбаев ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 12 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әскери мансабында ол «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» ведомстволық төс белгілерімен және Ішкі істер министрлігі мен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан грамоталармен марапатталды. Қызметтен тыс уақытта ұландық спортпен белсенді түрде айналысады. Ұлттық ұланның волейбол және футбол командаларының бетке ұстар ойыншысы.
Айта кетейік, бұл ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әлеуметтік желілерде танымал болған жалғыз бейнеролигі емес. Бұған дейін #2006 хэштегі бойынша бейнероликтер желіде көп қаралым жинаған, онда басты кейіпкерлер - Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балалары. Сондай-ақ Алматыда орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери қызметшісі Бандар Исаевтың бейнеролигі танымал болды. Оның лезгинка элементтері мен заманауи қимылдары бар трендтік биі TikTok-та ең танымал бейнероликтер қатарында.
Бұл бейнероликтердің барлығы ұлттық құндылықтар мен жауынгерлік рухты насихаттау арқылы қоғамда жағымды орта құрып, бір тудың астына біріктіре алатындығын айқын көрсетеді.