Жел, тұман: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауқымды антициклон ықпалынан республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында фронтальды белсенділіктің өтуімен күн күркіреп, кейде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батысты тұман басады.
Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Ұлытаудың шығысында, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, Ақтөбенің солтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік-шығысында, топырақ бетінде 1-6 градус аяз болады, - деп жазылған хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +20+22°С.
-->Синоптиктер 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.