Жеңіс Қасымбек: Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты ұлы мұрасы
Жеңіс Қасымбек қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
-->Жеңіс Қасымбек қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті елорда тұрғындары!
Сіздерді 16 желтоқсан – еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты құндылығы әрі ұлы мұрасы. Тәуелсіздік жылдары бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік. Президент атап өткендей, мемлекетіміздің ары қарай да табысты дамуы – біздің алдымызда тұрған басты міндет, «оны орындау үшін аянбай еңбек етуіміз керек, тек сонда ғана Қазақстан мықты мемлекетке айналады».
Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және табыс тілеймін!,- деді елорда әкімі.