Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Бұл туралы IT маман Тимур Бектұр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай, қаңтардың 9-ы бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бүгін белгілі жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында қайтыс болды. Қайғылы хабарды оның ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желіде жеткізді.