Жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды
Бұл туралы қаралы хабарды ақын Қасымхан Бегманов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
"Қайран, Дулат ағам-ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе?
Осы қазір ғана, он-он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын...
Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті.
Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды ол.