Әртүрлі

Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді

Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, тайфун ертең, 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.

Басылымның мәліметінше, бұл шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. Теміржол операторлары да мүмкін болатын тоқтатулар мен кешігулер туралы ескертуде. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты.

«Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін», – делінген хабарламада.