Әртүрлі

Жамбыл облысында жолда қалған автобустан 41 адам эвакуацияланды

Түнде «Алматы-Ташкент» тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысының Жуалы ауданында тұрып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылар автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолаушылар кейін басқа автобуспен баратын жеріне кеткен. Оның көпшілігі – Ресей азаматтары.