Жамбыл облысында тағы бір пойыз жолға шықпай қалды
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды. Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы жолға шықпады.
-->Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды,- делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы жолға шықпады.