Жамбыл облысында ауыл тұрғынын атып кетті
Қанды қылмыс түнгі сағат 11 шамасында болған. Қазір күдіктілер іздестірілу үстінде, деп хабарлайды Elorda.info.
Қанды қылмыс түнгі сағат 11 шамасында болған. Қазір күдіктілер іздестірілу үстінде. Әлеуметтік желілерде төрт адамның күдікті екені көрсетілген бағыттама парақшасы таралып жатыр. Олардың қылмыс әлеміне қатысы бар болуы мүмкін. Полиция департаменті іздеу жариялағанымен, күдіктілерге қатысты ресми мәлімет бермей отыр.
-->Қанды қылмыс түнгі сағат 11 шамасында болған. Қазір күдіктілер іздестірілу үстінде. Әлеуметтік желілерде төрт адамның күдікті екені көрсетілген бағыттама парақшасы таралып жатыр. Олардың қылмыс әлеміне қатысы бар болуы мүмкін. Полиция департаменті іздеу жариялағанымен, күдіктілерге қатысты ресми мәлімет бермей отыр.
Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 99-бабы, яғни «адам өлтіру» бабымен қылмыстық істі тіркеді. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатов.