Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған
Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, елімізде 3 күн ішінде «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 8 есірткі қылмысын анықтаған. Заңсыз айналымнан түрлі есірткі құралдарының 30-ға жуық түрі тәркіленді.
Сонымен қатар Тараздағы зауыттардың бірін тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар цистерна табылып, тәркіленді.
-->Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа қарағанда, елімізде 3 күн ішінде «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 8 есірткі қылмысын анықтаған. Заңсыз айналымнан түрлі есірткі құралдарының 30-ға жуық түрі тәркіленді.
Сонымен қатар Тараздағы зауыттардың бірін тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар цистерна табылып, тәркіленді.
Үш күннің ішінде 1680 таблетка, 5 келі улы заттар және 59 тонна күкірт қышқылын тәркіледі. 9 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу) бойынша – 8 және ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы (Заңсыз Медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) – 1, сондай-ақ 32 дәріхана, 7 медициналық мекеме және 3 кәсіпорын тексерілді, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.