Әртүрлі

Жамбыл облысында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысы Сарысу ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскелерінің пайдаланылу барысына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде, «К» ЖШС-не 2023 жылы берілген ауыл шаруашылығы жері өз мақсатына сай қолданылмағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау шараларының нәтижесінде кадастрлық құны 27,9 миллион теңгеден асатын 4 995 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бүгінде бұл жерлер Камқалы ауылдық округінің тұрғындарына мал жайылымы ретінде пайдалануға берілді.