Әртүрлі

«Жаңбыр, найзағай және бұршақ»: 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі және бұршақ жауады.

16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамырда орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.

-->

Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады. Түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздіңдің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі, – деп мәлім етті «Қазгидромет».