Әртүрлі

Жаңбыр, қар, аяз: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» синоптиктері 4-6 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағы арқылы Атлантикалық циклон өтеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алайда, 4 қарашада жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендейді.

-->

Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяздан 8 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде температура 2 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 градус аяз болады. Қазақстанда түнде және таңертең тұман күтіледі, - делінген хабарламада.