Жаңа туған сәби мен жас ана мінген лимузин қар құрсауынан шығарылды
Жаңа туған сәби мен жас ана мінген лимузин қар құрсауынан шығарылды
Қатты аяз бен боранға байланысты тәртіп сақшылары жол бойында тәулік бойы патрульдеу жүргізеді. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанда қарға кептеліп қалғанын айтқан. Учаскелік инспектор оны қызметтік көлікпен сүйреп шығарып, үйіне дейін жеткізіп салды.
-->Қатты аяз бен боранға байланысты тәртіп сақшылары жол бойында тәулік бойы патрульдеу жүргізеді. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанда қарға кептеліп қалғанын айтқан. Учаскелік инспектор оны қызметтік көлікпен сүйреп шығарып, үйіне дейін жеткізіп салды.
Анасы мен шақалақ үйіне аман-есен жетіп, тусқандарына табысталды – деді полиция қызметкері.