Жаңа технологиялар энергия қуатын арттыруды талап етеді – кәсіпкер
Nobel Fest халықаралық фестивалінің ашылу сессиясы аясында қазақстандық кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов Қазақстанды заманауи әлемде айтарлықтай ілгерілете алатын технологиялар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бизнесмен атап өткендей, интернетті блокчейн технологиялар, жасанды интеллект, кеңейтілген және виртуалды шындық, Big Data, финтех, биомедицина, кванттық компьютерлер, жасыл энергия алмастырып отыр.
Ол өзінің баяндамасында, Қазақстанды жоғары технологиялық дамыған елге айналдыру – Қазақстан Президентінің Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі екендігін атады. Оның айтуынша, бүгінгі күні қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің стартаптарын құра отырып, инновациялық өнімдерімен және қызметтерімен әлемдік нарыққа шығып келеді.
Сонымен қатар кәсіпкер жаңа технологиялар энергия қуатын арттыруды талап ететіндігін алға тартты. Оның айтуынша, Қазақстан өнеркәсіптік сақтау құрылғыларын пайдалана отырып, жел мен күн электр станцияларын салу арқылы электр қуатын өндіруді барынша жылдамдата алады. Өнеркәсіп қоймаларын пайдалана отырып, жел мен күн электр станцияларын салу – ең тиімді болып отыр.
Нобель фестиваліне қатысушылар алдында сөз сөйлеген Исламбек Салжанов «Жоңғар қақпасының» әлеуетін жүзеге асыру үшін жасыл энергетика және блокчейн технологиясы саласында инженерлер мен ғалымдарға сұраныс басым болатындығын, сондықтан жастарды осы саладағы мамандықтарды меңгеруге және салалық тенденцияларды назарда ұстауға шақырды.
-->Бизнесмен атап өткендей, интернетті блокчейн технологиялар, жасанды интеллект, кеңейтілген және виртуалды шындық, Big Data, финтех, биомедицина, кванттық компьютерлер, жасыл энергия алмастырып отыр.
Бүгінде Қазақстанның бірегей тарихи мүмкіндігі бар, біз одан айырылып қалмауымыз керек. Бұл – технологиялық трансформация кезінде ғана ашылатын мүмкіндік. Дәл үшінші өнеркәсіптік революция Азия жолбарыстарына дамуда секіріс жасауға және әлемдегі инновациялық көшбасшы болуға көмектескен еді. Ал бүгін Қазақ барысының технологиялық секіріс жасап, қазақстандық жас ғалымдар мен инноваторлардың таланттары мен қабілеттерін әлемге көрсететін кезі келді. Қазір технологиялық революция уақыты, жаңа технологияларды жасау үшін терең тарихи тәжірибе қажет емес, өйткені бұл технологиялардың өзі әлем үшін жаңа, - деді Исламбек Салжанов.
Ол өзінің баяндамасында, Қазақстанды жоғары технологиялық дамыған елге айналдыру – Қазақстан Президентінің Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі екендігін атады. Оның айтуынша, бүгінгі күні қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің стартаптарын құра отырып, инновациялық өнімдерімен және қызметтерімен әлемдік нарыққа шығып келеді.
Біздің «Altyn Qyran Group» компаниясы Қазақстандық блокчейн технологиялары және Дата орталықтары қауымдастығын құрды, сонымен қатар Қазақстанда блокчейн технологиясын 4 жылдан астам уақыттан бері дамытып келеді. Біздің Қауымдастығымыз Қазақстанды әлемдік компанияларға есептеу қызметтерін көрсететін жаһандық хабтардың біріне айналдыру мақсатында цифрлық экономиканы одан әрі дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Парламентімен және Үкіметімен тығыз жұмыс жасап келеді, - деп атап өтті Исламбек Салжанов.
Сонымен қатар кәсіпкер жаңа технологиялар энергия қуатын арттыруды талап ететіндігін алға тартты. Оның айтуынша, Қазақстан өнеркәсіптік сақтау құрылғыларын пайдалана отырып, жел мен күн электр станцияларын салу арқылы электр қуатын өндіруді барынша жылдамдата алады. Өнеркәсіп қоймаларын пайдалана отырып, жел мен күн электр станцияларын салу – ең тиімді болып отыр.
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Бұл орайда жел мен күн қуатының әлеуеті зор. Бір ғана Жоңғар қақпасының әлеуеті, сарапшылардың пікірінше 100 мың мегаватқа дейін жетеді. Бұл – жел күші өте жоғары әлемдегі ең ерекше жер. Big Data мен электр энергиясы мұнайдың жаңа түріне айналды, - деп атап өтті Исламбек Салжанов.