Әртүрлі

«Жұмыс істеп тұрған 9 банк таратыла ма?»: Агенттік жауап берді

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратылып жатқан елімізде жұмыс істеп тұрған 9 банкті тарату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Агенттіктің мәліметінше, Тарату процесінде тұрған аталған 9 банктің лицензиялары 2007 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде кері қайтарып алынған. Атап айтқанда:

1)      Валют-транзит банк (тарату – 2007 жылғы 1 наурыздан бастап);

2)      Қазинвестбанк (2018 жылғы 24 қаңтардан бастап);

3)      Delta Bank (2018 жылғы 25 сәуірден бастап);

4)      Qazaq Banki (2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап);

5)      Астана Банкі (2019 жылғы 9 қаңтардан бастап);

6)      Эксимбанк Қазақстан (2019 жылғы 16 қаңтардан бастап);

7)      Tengri Bank (2021 жылғы 15 ақпаннан бастап);

8)      AsiaCredit Bank (2021 жылғы 22 шілдеден бастап);

9)      CapitalBank Kazakhstan (2021 жылғы 5 қазаннан бастап).

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, таратылатын банктердің тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат тоқсан сайын Агенттіктің ресми сайтында «Қаржы нарықтары - Банк секторы - Тарату процесі - Тарату процесінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат» бөлімінде орналастырылады (2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша таратылатын банктер бойынша өзекті ақпарат сайтта 2023 жылғы 14 шілдеде орналастырылды).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдің қатысуымен,  оның 8-і – еншілес банк.

-->

Қазіргі уақытта Қазақстанда 21 екінші деңгейдегі банк қызметін жүзеге асырып жатыр. Бұдан басқа, тағы 9 банк 2007 жылдан бері тарату процесінде, - деп жазылған хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, Тарату процесінде тұрған аталған 9 банктің лицензиялары 2007 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде кері қайтарып алынған. Атап айтқанда:

1)      Валют-транзит банк (тарату – 2007 жылғы 1 наурыздан бастап);

2)      Қазинвестбанк (2018 жылғы 24 қаңтардан бастап);

3)      Delta Bank (2018 жылғы 25 сәуірден бастап);

4)      Qazaq Banki (2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап);

5)      Астана Банкі (2019 жылғы 9 қаңтардан бастап);

6)      Эксимбанк Қазақстан (2019 жылғы 16 қаңтардан бастап);

7)      Tengri Bank (2021 жылғы 15 ақпаннан бастап);

8)      AsiaCredit Bank (2021 жылғы 22 шілдеден бастап);

9)      CapitalBank Kazakhstan (2021 жылғы 5 қазаннан бастап).

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, таратылатын банктердің тарату өндірісінің барысы туралы ақпарат тоқсан сайын Агенттіктің ресми сайтында «Қаржы нарықтары - Банк секторы - Тарату процесі - Тарату процесінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат» бөлімінде орналастырылады (2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша таратылатын банктер бойынша өзекті ақпарат сайтта 2023 жылғы 14 шілдеде орналастырылды).

Осыған байланысты тарату процесі жұмыс істеп тұрған 21екінші деңгейдегі  банкке қатысты емес. Лицензиялары 2007-2021 жылдары қайтарып алынған басқа 9 банкке қатысты жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған 21 екінші деңгейдегі банктен лицензияларды кері қайтарып алу жоспарланып отырған жоқ,-делінген қаржы нарығын реттейтін ведомствро берген мәліметте. 