Жұқа мұз қауіп төндіреді: ТЖД астаналықтарға ескерту жасады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мұздағы қауіпсіздікті сақтау туралы еске салды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жұқа мұз адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Осыған байланысты елорда су айдындарында күзгі-қысқы кезеңде азаматтардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ұсынады:
- мұздың жұқа жерлеріне шықпаңыз;
- мұздың кей бөліктерінде топталып жиналмаңыз;
- қараңғыда және көріну нашар кезде мұзға шықпаңыз;
- шектеулі аумақта екіден артық тесік жасамаңыз және от жағуға болмайды;
- балалардың ересектердің қарауынсыз мұзға шығуына жол бермеу.
Мұзда балық аулау кезінде өзімен бірге жеке құтқару құралдары болуы тиіс (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон).