Жезғазғанда такси жүргізушісі аса ірі мөлшердегі есірткімен ұсталды
Ұлытау облысында есірткі заттарын сатумен айналысқан таксист ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады.
Автокөлік құралын тексеру кезінде полицейлер жасыл түсті өсімдік тектес ұнтақ заты бар он екі қағаз орамасын тауып алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат салмағы 52 грамнан асатын «гашиш» есірткісі болып шықты. Ұсталған адамның айтуынша, ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді және өзінің негізгі еңбек қызметі кезінде есірткі таратумен айналысқан.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-->Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің ауласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізген деген күдікпен 43 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісін ұстады.