Әртүрлі

«Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды

Еліміздің әрбір өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл 33 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған.

Жоба аясында жастар өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар, маусымдық жұмыспен қамту және су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты құрылыс жасақтарын іске қосты.

Қазіргі уақытта, Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық жас табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға қолғабыс етуде.

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына жүгінуге болады.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

-->