Әртүрлі

«Жастар Рухының» 3 мың волонтері су тасқыны салдарымен күресіп жатыр

Еліміздің бірнеше облысын су басып, бірқатар өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ондай аймақтарда құтқарушылар, жергілікті тұрғындар жұдырықтай жұмылып, ортақ іске атсалысуда. Олардың қатарында «Жастар Рухы» жастар қанатының 3 мыңнан астам волонтері де бар, деп хабарлады Elorda.info.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, су тасқыны басталғалы бері құтқарушылармен қатар көмек көрсетіп, алдыңғы қатарда жүрген жастар саны артуда.

Сондай-ақ, «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен азық-түлікпен қатар электр жарығынсыз отырған ауылдарға генераторлар да жеткізілді. Осы тұста айта кететін жайт, гуманитарлық көмекті тез әрі дереу жеткізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақпен қамтамасыз етті. Әуе жолы арқылы көмек Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарына жетті.

Өкінішке қарай, су тасқыны басталған сәтте Абай облысында адамдар жоғалды. Оларды іздестіру жұмысына да еріктілер атсалысты. Сондай-ақ «Жастар Рухының» 100 волонтері Қостанай қаласы әкімінің шақыруын қабылдап, жағалауды құм салынған қаптармен нығайтуға көмектесті. Осыған ұқсас жұмыс өзге өңірлерде де ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар Рухының» волонтерлері Атырау маңындағы 7 учаскеде бөгет салуда. Аталған бөгеттердің жалпы ұзындығы 21,2 шақырымды құрайды. Оған 120 бірлік техника мен 1100-ге жуық адам жұмылдырылды. Бүгінде құм толтырылған 40 мың қап төселді.

Сондай-ақ, еліміздегі ірі волонтерлік бірлестіктермен Республикалық волонтерлер штабы құрылды. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жастар ұйымдарымен кездесіп, су тасқынымен күрес жұмысының алдағы міндеттерін айқындады. Штабқа «Жастар Рухы» ЖҚ, ASAR-UME қайырымдылық қоры, «Dauletten» қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы ассамблеясы, «Ауыл жастары» жастар қанаты, Қазақстан жастарының конгресі, Қазақстан студенттер Альянсы, Ұлттық волонтерлік желі және Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесі және т.б. ұйымдар кірді. Волонтерлік ұйымдардың жұмысын «Жастар Рухы» жастар қанаты үйлестіруде.

-->

Жергілікті органдар мен волонтерлер өзара тығыз жұмыс істеп жатыр. Апаттан зардап шеккен тұрғындарға қажет заттарды жедел жеткізу керек. «Жастар Рухы» жанынан еліміздің барлық өңірінде жедел әрекет ететін Республикалық волонтерлер штабы құрылды. Судан зардап шеккен тұрғындар немесе волонтерлер қатарына қосылам деуші жастар осы штабқа хабарласа алады. Еліміздегі барлық республикалық волонтерлік бірлестіктер жұмыла жұмыс істеуде. Олардың жұмысын «Жастар Рухы» жастар қанаты үйлестіріп отыр. Мәселен, жуырда Атырау облысына жеткен 30 тонна гуманитарлық көмекті «Жастар Рухы» мен Қазақстан студенттері Альянсы волонтерлері қабылдап алып, пункттерге жеткізді. Сондай-ақ «Dauletten» қайырымдылық қорымен бірге Солтүстік Қазақстан облысына керекті заттарды жөнелтпекпіз, – деді Ақерке Искандерова.