Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты
Жамбыл облысында 4 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдар бар. Ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартқан, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауыл атағына үміткер. Мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдық округке Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары кіреді, онда 1 700-ге жуық адам тұрады.
Округтегі үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылады, бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдады.
-->Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауыл атағына үміткер. Мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдық округке Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары кіреді, онда 1 700-ге жуық адам тұрады.
Округтегі үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылады, бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдады.