Әртүрлі

Жамбыл облысында 73 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті биыл Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 73 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды және өңірде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменті тұрақты негізде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Қорытындысы бойынша 4 жер пайдаланушыға жер учаскесін өз еркімен иеленгені үшін нұсқамалар беріліп, айыппұл салынды.

-->

«Тағы 27 ұйғарым бір жыл мерзімге Жер ресурстарын басқару комитетіне жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қабылдау үшін берілді, жерді мақсатсыз пайдалануға жол берген 2 жер пайдаланушыға ұйғарым 3 ай мерзімге берілді», - деп көрсетті АШМ баспасөз қызметі.