Әртүрлі

Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен «Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік қызмет істері агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы, Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова, Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі Бибігүл Ағыбаева, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтегі тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, гендерлік теңдік, таланттар бәсекелестігі жағдайындағы жастардың мансаптық ілгерілеуі, инклюзивті қоғамды дамыту бойынша құқықтық негіздерді одан әрі қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Қатысушылар Ата заңымызда еліміздің азаматтарының мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқығы көзделгенін, соған сай мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты екендігін атап өтті. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» қолданыстағы заңында азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидатының бірі ретінде айқындалған.

Пікір алаңында мемлекеттік қызметтің ағымдағы жағдайына қатысты деректер айтылды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55,7 пайызын әйелдер құрайды. Олардың басшы лауазымдар арасындағы үлес салмағы – 39,4 пайыз.

Әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі атап өтілді. Қазіргі күні Әдеп жөніндегі уәкілдердің 38% әйелдер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі әйелдер әдептілік стандарттарын сақтай отырып, жауапкершілік пен құзіреттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Қашықтық форматында және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс жасау белсенді қолданылуда. Бұл әсіресе жас балаларды тәрбиелеп отырған аналарға өз кәсіби міндеттерін жеке өмірімен тиімді үйлестіруге мүмкіндік беріп отыр. Осы форматтағы жұмыс кестесін қолданушы 3024 мемлекеттік қызметшінің 63 пайызын әйелдер құрайды.

Мемлекеттік қызметте инклюзивтілік мәселелеріне де ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметшілердің саны 847 адамды құрап отыр. Оның 30 пайызға жуығы басшылық лауазымда қызмет атқарады. Олар ел игілігі жолында тиімді еңбек етіп келеді.

Мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуді жүзеге асырудағы пәрменді құралдардың бірі – іріктеудің жаңа жүйесі. Қазіргі таңда ол 22 мемлекеттік органда іске қосылды. Іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі әрбір азаматқа конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн қатысуға мүмкіндік беріп, адами факторларды азайтады. Анонимділікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау үшін үміткерлерге ID-номерлер беріледі.

Жастар үшін Президенттік жастар кадр резерві және оқу орындарын жоғары көрсеткішпен аяқтаған түлектерді аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндігі оңтайлы әлеуметтік лифт болып отыр. Сондай-ақ олар үшін аймақтағы жас басшылар пулын қалыптастыруға бағытталған өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілуде.

Шара соңында қатысушылар мемлекеттік қызметте инклюзивтілікті нығайту бойынша одан әрі шараларды қабылдау, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық тәжірибе мен жетістіктерді қолдануды қарастыру мәселелерін  атап өтті.

-->