Әртүрлі

Жаңаөзенде түлектер 20 жылдан соң ұстаздарына пәтер сыйлады

Жаңаөзен қаласындағы No10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлады Elorda.info Mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлектер 25 мамырда соңғы қоңырауда пәтер кілтін табыс етті. Гүлнәр Қарақойшиева қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғысын білдірді. Ұстазға демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс етті.

Айта кетейік, Гүлнәр Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың сапалы білім алуына өз үлесін қосып келеді.

-->