Әртүрлі

Жаңаөзенде балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырған

Жаңаөзен прокуратурасы жүргізілген тексеріс нәтижесінде қаладағы мемлекеттік балабақшада бюджет қаржысы ұрланғаны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.

Ұрланған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.

-->

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.

«Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», - деді Жаңаөзен қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұрланған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.