Қызылшаға қарсы екпе орнына пандемиядан қалған вакцина салынып жатыр ма?
Жазба авторы балаларға салынып жатқан вакцинаның коронавирус инфекциясына қарсы екпе болуы мүмкіндігін айтады. Алайда stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Денсаулық сақтау министрлігі екпе салдыру үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйымға жүгінуге кеңес береді.
-->«Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті. Сонымен қатар, Кодекстің 77-бабына сәйкес, егілетін адамның не оның заңды өкілінің профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқығы бар. Елде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісі ДДҰ-ның қайта бағалауынан өткен, өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігі екпе салдыру үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйымға жүгінуге кеңес береді.