Әртүрлі

Қызылорда облысындағы мектептерде сотталғандар жұмыс істеген

Қызылорда облысындағы мектептерде бұрын істі болған азаматтар мен жалған диплом алған педагогтар жұмыс істеген, деп хабарлады Elorda.info.

Облыс прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы тексеру нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды.

Кейбір мектептерде бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған, жұмыс істемейтін бейнекамералар бар, салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді. 

Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. 

Мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.

-->

26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар, педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деді Қызылорда облысының прокуратурасы.