Әртүрлі

Қызыл кітапқа енген торғайды заңсыз аулаған елордалық ұсталды

Ақмола облысының Бұланды ауданында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды тор құрып, заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Браконьердің торына Қызыл кітапқа енген сирек құстың бірі – қара басты пайызторғайлар түскен.

Полиция 76 құсты тәркіледі. Оның көбі торда өліп қалған.

Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды. Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты шешім қабылданады, - делінген ІІМ хабарламасында