Әртүрлі

Қызметтік ит сарбаздарға есірткі табуға көмектесті

ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісісі  иттің көмегімен Петропавл тұрғынынан есірткі тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қаласында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд  барысында ефрейтор Сүлейменов «Диг» атты қызметтік итінің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтады.

«Қызметтік итім өткір иістерді сезу қабілетіне ие, бұл жолы да күдікті зат орналасқан жерді анық көрсетті. Бір бөлмелі пәтерді мұқият тексеру нәтижесінде ас үйдегі газ плитасының астынан өткір иісі бар ақ түсті зат табылып, тәркіленді», -  деді ефрейтор Санат Сүлейменов.