Қытай ғалымдары Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болады деп болжады ма: ТЖМ түсіндірме берді
Қытайлық ғалымдар Қазақстанда жойқын жер сілкінісін болжады деген хабар бар. ТЖМ түсініктемесі Сарапшылар шын мәнінде күшті жер сілкіністерінің белгілі бір циклі бар деген болжам айтқан, бірақ зерттеу Қытай аумағына қатысты. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда жойқын жер сілкінісі күтіліп жатыр деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді.
Мұндай ақпарат кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ блогтар мен мессенджерлерде пайда болды. Әлеуметтік желілерде жер сілкінісін қытайлық ғалымдар болжапты деп жазылып жатыр. ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығында бұл мәлімдемелердің астарында не жатқанын түсіндірді.
"Бейжің жер сілкіністері агенттігінен Чжу Хунбин басшылық еткен ғалымдар тобы расымен де кейбір Қытай аймақтарында магнитудасы 8-ден жоғары күшті жер сілкіністері әр 30-40 жылда бір рет болады деген белгілі бір цикл бар деген болжам айтты. Осыған байланысты мұндай цикл дәл қазір басталуы мүмкін деген гипотеза ұсынылды. Бұл зерттеу тек Қытай аумақтарына – Лунмэньшань жарылысы аймағында орналасқан Сычуань мен Юньнань провинцияларына, сондай-ақ Шығыс Гималайларға қатысты", – деп нақтылады сейсмологтар.
Аталған өңірлер Қазақстаннан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан және мүлде басқа сейсмикалық белдеуге жатады. Бұл зерттеудің еліміздің аумағына ешқандай қатысы жоқ екенін ТЖМ ерекше атап өтті. Ғалымдар зерттеудің тек ғылыми-гипотетикалық сипатқа ие екенін және нақты болжам емес екенін атап өтті. Сонымен қатар сарапшылар нақты бір жер сілкінісін болжаған жоқ, тек оқиғалардың циклділігін талдаған.
Эльмира Жұмабай