Қыстың соңғы аптасында ауа райы қандай болады
Қазгидромет қыстың соңғы күні суық болатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде «Оңтүстік» циклонының ықпалы сақталады. Сол үшін республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қалың қар жауады. 27 ақпанда түнде тұман, көктайғақ, жел күшейеді деген болжам бар, республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да жоғары желдің күшеюі ықтимал.
Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста, шығыста, республика орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін төмендемек. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста аздап 1-10 градус аязға дейін көтеріледі, батыста негізгі фондық ауа температурасы 5-20 градус аяз болады.