Әртүрлі

VietJetQazaqstan әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті

VietJetQazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, рейстердің кешігуі мүмүкін екенін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«VietJetQazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы 2025 жылғы 4 шілдеде рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлайды.

Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Комания өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, әуекомпаниясы үшін жолаушылардың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады.