Әртүрлі

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының мемқызметтері цифрландырылды - Құрманғалиев

Мемлекеттік қызметтер және оларды алудың тәртібі және  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері төңірегінде халықты кеңінен ақпараттандыруға арналған «Елге қызмет» ақпараттық жобасы жүріп жатыр. Эфир қонағы болған Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы  басшысының орынбасары Әскербек Құрманғалиев аумақтық инспекциясы жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

Әскербек Құрманғалиевтің айтуынша, инспекция келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандардың экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру;

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарына ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарға есептік нөмір беру.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы  өткен жылы 1449 мемлекеттік қызмет көрсетті.

-->

«Оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, жануарларды жұқпалы аурулардан қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша импорттық және экспорттық өнімдерді қадағалаймыз. Қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізу сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Жалпы біздің мекеме 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның 2-уі цифрландырылған», - деді Әскербек Құрманғалиев.