Әртүрлі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Мобилографтар арасындағы байқау өз мәресіне жетті

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мобилографтар арасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған байқау өз мәресіне жетті. Конкурс нәтижесіне көңіл толады. Әлеуметтік желілерде Ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан барлық қатысушыға ризашылық білдіреміз. Сайысқа 2500-ге жуық азамат қатысты. Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолиядан да мобилографтар атсалысты,- деп жазды ол.

Берік Уәлидің айтуынша, Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видеолардың жалпы қаралымы 16 млн-нан асқан.

Енді байқауға келіп түскен жұмыстардың қорытындысы туралы баян етейік.

- TikTok желісінде 616 видео жарияланып, қаралым саны 5 779 909 жетті.

- Instagram желісінде 636 рилс жарық көріп, 4 587 129 рет қаралды.

- WhatsApp және Telegram статусындағы орташа қаралымдар – 80 000.

- Жасырын қаралымдар – 19 000.

- YouTube Shorts: қаралым саны – 6 249 178.

Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видеолардың жалпы қаралымы – 16 715 216. Бір қуантарлығы, видеолар ел ішінде өте жылдам таралып жатыр. Мысалы, бір промо-ролик бір күнде 6 миллион рет қаралған. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан байқау аяқталғанға дейін видеолардың қаралымы да арта түсетіні сөзсіз,- деді Берік Уәли.

Айта кетейік, байқаудың қорытындысы келесі аптада шығады.