Әртүрлі

Әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр – министрлік

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында жуырда Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Санжар Әділовтың айтуынша , бүгінде тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен еліміздегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр. Бұл бағытта нормативтік-құқықтық салада түзетулерді қабылдау керек деп есептейміз. Мысалы өткір заттарды анықтайтын құрылғыны нысанның кіреберісіне орналастыру, - деді ол.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан. Күдіктіге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды.