Әуекомпания тағы бір жаңа ұшақпен толықты
SCAT әуекомпаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты. Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады.
Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл елге жеткізілген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуекомпания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады деп күтіліп отыр.
«Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие», - деліген хабарламада.