Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды
Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->
2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті К.Бишимбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп жазылған хабарламада.