Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ - министрлік
Қазақстанның энергетикалық жүйесі уақыт белдеуінің өзгеруіне қарамастан жұмыстың тұрақтылығы мен тиімділігін көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жақында бір уақыт белдеуіне көшу электр энергиясын тұтыну кестесінде айтарлықтай өзгерістерге әкелмеген.
"Баршаға мәлім, елдегі электр энергиясын тұтыну халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тікелей байланысты. Ең жоғары жүктемелер таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейінің жандануына кезінде болады.
Уақытты бір сағатқа ауыстыру электр желісінің қызметінің бұзылуына немесе тұтынушылар үшін шектеулерге әкелмеді",- деп жазылған хабарламада.
2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректерді талдау электр энергиясын тұтынудың 4% деңгейінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл өсім уақыт белдеулеріндегі өзгерістерге емес, жалпы халықтың және ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне байланысты.
Мысалы, еліміздің батыс БЭЖ-нің аймағында уақыт белдеуінің ауыспағанына қарамастан, тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артқаны байқалады.
"Сонымен қатар, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тетігі іске қосылғаннан кейін электр энергиясының импорты ұлғайды, өйткені тапшылықты ең жоғары сағаттарда жабу мақсатында іргелес елдерден электр энергиясының жоспарлы ағындарын ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болды және жөндеу жұмыстарының жоспарланған кезеңдеріне сәйкес елдің барлық ірі электр станцияларына күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік берді",- деп жазды министрлік