Әртүрлі

ТЖМ құтқарушылары жеке үйдің ауласынан жылан ұстап алды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы облысы ТЖД кезекші қызметіне Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылындағы жеке тұрғын үйден жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан жіберілген мамандар арнайы құрылғының көмегімен рептилияны сәтті ұстап алды. Жорғалаушы елді мекеннен алыс жердегі табиғи ортаға жіберілді. Үй тұрғындары ТЖМ құтқарушыларына алғыс білдірді.