Әртүрлі

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан көлікті сөндірді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аймағында жол бойында көлік жанды. Өрт ТЖМ күштерімен толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.