ТЖМ мұз үстіндегі қауіпті еске салады
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елордалық құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жұмыстарын және профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейд барысында қала тұрғындарына су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары айтылуда. Басты мақсат - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдынындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. ТЖМ бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмауы қажеттігін еске салады!», - деп жазылған хабарламада.