ТЖД өкілдері елордалықтарға ескерту жасады
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері елордалықтарға ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенген Астана қалалық ТЖД мәліметінше, 8 қарашада түнде бұрқасын күтіледі.
Жел оңтүстік-батыстан соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді деп ескертілді.