Әртүрлі

Түзеу мекемелерінде 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды – ІІМ

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қылмыстық-атқару жүйесін цифрландыруға ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандар мен қызметкерлердің ықтимал заңсыз әрекеттерін бақылауды және алдын алуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың соңында түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізу жобасы аяқталды. Бүгінгі таңда 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды.

Бейнекамералардан алынған суреттерді ҚАЖ комитеті және Бас прокуратура қызметкерлері көре алады. Ол үшін комитетте ахуалдық орталық құрылды, оның операторлары тәулік бойы мекемелерде жазаны өтеу тәртібінің сақталуына мониторингті жүзеге асырады. 

Бұл ретте бейнекамераларды жою үшін жауапкершілік арнайы контингентге де, қызметкерлерге де көзделген. Баптың санкциясы бейнекамераларды бүлдіргені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Жалпы, жүргізілген бақылау мен бейнемониторингтің профилактикалық әсері мекемелердегі жедел жағдайға оң әсер етеді.

-->

«Бейнебақылаудың арқасында жоба енгізілген сәттен біз 21 мыңнан астам ұстау режимінің бұзылуын анықтадық. 47 суицид және 4 қашу әрекетінің алды алынды. 9 жанжалды жағдайдың топтық төбелеске айналуына жол берілмеді. Сонымен қатар бірқатар сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнекамераларды қасақана зақымдайды. 2023 жылдың өзінде 716 бейнекамера зақымдалды. Осыған байланысты, барлық жағдайды зерделеп, қасақана бүлдіргені және жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Заң кеше ғана күшіне енді», – деді Т.Жәнібеков.  