Әртүрлі

«Туыстарыңды өзгерткің келеді»: дінтанушы көп нәрсені харам деп жүргендер туралы айтты

Дінтанушы Асылтай Тасболат Жанар Байсемізге берген сұхбатында діни фанатизм белгілерін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Туған-туыстарына, достарына көп ислам туралы айтып, олардың өмірін өзгертіп жібергің келеді. Көп нәрсені қате көре бастайсың. Менде фанатизм болды, бірақ көп уақыт болған жоқ. Себебі сопылық дәстүр қазақтың дәстүрімен үйлеседі ғой. Керісінше көп нәрсені харам деп айтып жүргендерге таңғалдым. Кейін бұл салафизмнің бір тәсілі екенін кейін түсіндім. Қазіргі танымал дін жолында жүрген адамдар түрлі жамағат пен діни топта болған. Бірақ біздің қоғам адамның өткен өмірін қаза береді. Ол адамдар қазір біраз жасқа келді және олардың да ақылы мен өмірде жинаған тәжірибесі артты»,- деді Асылтай Тасболат.

Дінтанушы ең кешірілмейтін күнә туралы да ойын айтты. 

«Мен үшін ең үлкен күнә - сатқындық. Яғни, өз Отаныңды сату. Бұл жерде тек шетелге көшіп кету туралы емес, өз елінде коррупция жасау, заңсыз ақша табу да сатқындық болып есептеледі»,- деді ол.